Басты жаңалықтар

ҚТЖ-ның еншілес компаниясы "Қазтеміртранс-тың" топ-менеджері пара алды деген күдікпен ұсталды

"Қазтеміртранс" компаниясы топ-менеджердің ұсталғанын растады.

"Қазақстан темір жолы" АҚ еншілес компаниясы "Қазтеміртранс-тың" топ-менеджері пара алды деген күдікпен ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша ол қаладағы мейрамханалардың бірінде тұтқындалған, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

"Қазтеміртранс" компаниясы топ-менеджердің ұсталғанын растады.

"Қазтеміртранс" АҚ қазіргі таңда құзырғы құқық қорғау органдарының тергеу шараларын жүргізіп жатқанын растайды. Компания құзырлы органдарға тергеу аясында қажетті ақпарат пен құжаттар ұсынып жатыр"", – делінген хабарламада. 

Компания өкілдері нысандарды қорғау бойынша мемлекеттік тапсырыста жеңуде көрсетілген көмек үшін қомақты пара алғаны туралы ақпараттың күдік туғызатынын жеткізді. Нысандарды күзетуге қатысты келісімшартқа қол қойылған. Күзет қызметіне бөлінетін бюджет 200 миллион теңге щамасында, ал алматылық филиалдағы өндіріс базасын күзетуге биыл 9 миллион теңгеден аса қаржы қарастырылған. Алайда бұл ақпаратта көрсетілген қаржыдан әлдеқайда аз екенін атады. 

"Қазтеміртранс" АҚ заң принциптерін, әділдік пен кез келген жемқорлық деректеріне бей-жай қарамау принципін ұстанады. Заң бұзу деректері тіркелсе, заңмен қарастырылған шаралар қолданылады", – деп қосты компания өкілдері. 

Айта кетсек, әлеуметтік желіде осыған дейін "Қазтеміртранс" Алматы филиалының директоры 540 миллион теңге шамасында пара алғаны туралы ақпарат тараған болатын.