Басты жаңалықтар

«Бірі жиі келеді, бірі араласпайды»: Мөлдір Әуелбекова бұрынғы жұбайлары жайлы тосын жазба жариялады

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы жұбайлары туралы айтып, қыздарының әкелерімен қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды kyn.kz.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы жұбайлары туралы айтып, қыздарының әкелерімен қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды kyn.kz. 

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Әншінің айтуынша, үлкен қызы Айарудың әкесі Қуаныш қызымен жиі кездесіп, олардың отбасымен жақсы араласады.

"Айаруымның әкесі Қуаныш бізбен жақсы араласады. Қызына жиі келіп тұрады. Салтайымның әкесі Арыстан бізбен араласпайды, келмейді", – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына түрлі пікір қалдырып, балаларына амандық тілеп жатты.