Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

АҚШ Иран кемесін суға батырды: 87 адам тіл тартпай кетті

АҚШ Иран кемесін суға батырды: 87 адам тіл тартпай кетті
Фото: freepik.com
АҚШ Иранның әскери кемесін батырып жіберді. Кеме ішінде қайтыс болғандардың саны 87-ге жетті. Иран да тыныш отырған жоқ. Түркия жерін, атап айтсақ, Инджирлик әскери базасын дрондармен атқылады, деп хабарлайды kyn.kz.

АҚШ Иранның әскери кемесін атып, суға батырды. Ол кеме Шри-ланка жағасына жақын бірақ, халықаралық суда жүрген. Сондықтан экипаж өзіне қауіп төнеді деп ойламаса керек. Алдын ала ақпарат бойынша әскери кемеде 140 адам болған. 

Алғашқыда олардың барлығы із-түзсіз жоғалды делінгенімен, Шри-Ланка билігі 32 адамды құтқарып үлгергенін айтты. Ал АҚШ қорғаныс министрі мақтанышын жасыра алмай тұр. 

"1996 жылы құрастырылған кемені 2026 жылы көзін жойдық. Иран теңіз күштері енді жоқ. АҚШ субмаринасы Екінші Дүниежүзілік Соғыстан бері алғаш рет торпеда қолданды. Егер кімде-кім бізді ашуландырса, біз өлтірмейінше тыныш таппаймыз", - дейді АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет.

Иран да тыныш отырған жоқ. Түркия аумағындағы Инджирлик базасына дрондармен атқылады. Бұған дейін Иранды толық қолдап, АҚШ пен Израиль әрекетін қатаң сынаған Режеп Тайып Ердоған түбегейлі ойын өзгертті. Ешкім зардап шекпегенімен, Түркия енді Иранға қарымта қайтарамыз деп ресми мәлімдеді.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар