Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ел алдында жүрген белгілі кәсіпкер ұстазына автокөлік тарту етті

Ел алдында жүрген белгілі кәсіпкер ұстазына автокөлік тарту етті
Фото: ашық дереккөз
Отандық кәсіпкер Аманжол Рысмендиев мектептегі ұстазына құрмет көрсетіп, автокөлік тарту етті.

Сондай-ақ ол әйелдер мерекесіне орай туған ауылының 200-ге жуық тұрғынына сыйлықтар тарту еткен, деп хабарлайды kyn.kz. 

Рысмендиев Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында 8 наурыз мерекесіне орай көпбалалы аналар мен ұстаздарға арналған бұл шара ұйымдастырып, онда 200-ге жуық ауыл тұрғынына құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табыстаған. Одан бөлек ол өзінің ұстазы Айсұлу Жагутинаға су жаңа автокөлік сыйға тартқан. 

Сонымен бірге араға "Алатау серілері" тобы, айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан келіп, өз өнерлерін тарту етті. 

"Ұстаз – ұлы тұлға. Бізге білім мен тәрбие берген жандарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Ауылдағы көпбалалы аналарымыз бен ұстаздарымыз – қоғамның тірегі. Осындай мерекеде олардың еңбегін бағалап, қуаныш сыйлау – әрбір азаматтың парызы", - деді кәсіпкер.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар