«Дубайға бармастай болған шығарсыздар»: Қазақстанға жеткен Жанболат пен Жазира қуаныштарын жасыра алмады
Дубайға демалысқа кеткен Жанболат пен Жазира Қазақстанға аман-есен оралды.
Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Қазақстанға жетті. Отбасымен демалысқа барып, елге қайта алмай қалған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жазира Байырбекова желідегі парақшасында жазды.
"Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай - Маскат - Ыстамбұл - Астана. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары да жұлдызды жұптың аман-есен елге оралғанына қуанды.
"Жылап отырмын", "Енді Дубайға бармастай болған шығарсыздар","Аман-есен жеткендеріңізге шүкір", "Ресейден қайтқан бір кісі шекараны көргенде жүгірдім. Қазақстанға өтіп жерге құладым деп еді. Құдіреті шексіз құдай әр нәрсенің қадірін ұғындыруда", деді көпшілік.