«Жылы сөзбен демеп жібергенде...»: Дина Төлепберген Жанар Хамитованы құтқарып қала алмағанына өкінетінін айтты
Дина Төлепберген өз өкінішімен бөлісті.
Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген марқұм әнші Жанар Хамитованы еске алып, оны құтқарып қала алмағанына өкінетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында әңгіме қылды. Тележүргізуші өзін Жанар Хамитованың тағдыры әлі де ойландыратынын жеткізді. Тележүргізуші әншіні эфирге шығарғаннан кейін өмірі тез өрбіп кеткенін айтты.
“Адамдар “Неге екі балаңды күйеуіңе қалдырдың? Сен жақсы ана емессің, безбүйрек анасың” деген үлкен сын тақты. Мен ойланамын, егер мен сол кезде бір ғана тұсын, яғни жоқшылығын көрсетіп, балаларға қатысты мәселесін айтпағанымда немесе эфирде тұрып “Бұл безбүйрек ана емес, күйеуімен арасында осындай шарт болған екен. Негізі әрбір баланың кіммен бірге тұруға таңдауға құқы бар ғой, демек біз баланың таңдауын құрметтеуіміз керек. Біз ол үшін Жанарды жазғырмайық, қазақ елі” деп айтуым керек пе еді деп ойлаймын. Бәлкім, осы сөздер оны құтқарып қалар ма еді деп те ойлаймын”, – деді ол.