Қазақстанда доллар 400 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе?: Ұлттық банк жауап берді
Тимур Сүлейменов доллардың 400 теңгеге дейін түсуі мүмкін емес екенін атап өтті.
Ұлттық банк төрағасы елімізде доллар бағамына қатысты пікір білдірді. Елімізде доллар 400 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін бе, деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Доллардың 400 теңге болуы қарастырылып отырған жоқ. Экономика мен өнеркәсіп экспортты арттырып, импортты едәуір қысқартуы қажет. Сонда ғана теңгерім 400 теңге деңгейінде қалыптасуы мүмкін. Сондықтан біздің болжамдық сценарийлерде мұндай көрсеткіш қарастырылмаған”, – деді Сүлейменов.
Ол егер нарықта күрт өзгерістер болса, Ұлттық банк тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді.