Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді
Әнші Энрике Иглесиас күзде Қазақстанға келеді.
Әлемге әйгілі испаниялық әнші Энрике Иглесиас биыл күзде Астана мен Алматыда жеке концертін өткізетін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ticketon мәліметінше, ән кеші 3 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында, ал 5 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
7 наурыз күні сағат 12:00-де концерт билеттерінің ашық сатылымы басталады.
Айта кетсек, осыған дейін әлемге танымал Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys тобы Астана мен Алматыда жеке концерттерін өткізген болатын.