Маңғыстауға әскери техникалар не үшін жөнелтіліп жатыр? Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
- автор kyn.kz
- 6 наурыз, 2026
- 18
Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы аумағындағы Боранқұл ауылы теміржол станциясында түсірілген видео тарады. Кадрларда платформаларға тиелген танктер мен әскери техникаларды тасымалдап бара жатқан жүк пойызы көрінеді. Бейнежазба желіде тез тарап, тұрғындар арасында түрлі болжамдардың айтылуына себеп болды.
Бұл жағдайға байланысты Қазақстан Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, өңірде ешқандай төтенше жағдай жоқ екенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, әскери техника артиллериялық бөлімшелердің жоспарлы оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін полигондардың біріне жеткізіліп жатыр.
Министрлік өкілдері мұндай тасымалдар жауынгерлік дайындық жоспары аясында жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.




