Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше тасжол учаскесі жабылды
Елімізде жол қозғалысына шектеу 7 наурыз таңына дейін енгізілді,-деп хабарлайды КҮН.КЗ.
Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстан аумағындағы бірқатар республикалық маңызы бар тасжолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектелді.
Шектеу енгізілген негізгі бағыттардың қатарында Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ (5–549 км), сондай-ақ Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент бағытындағы халықаралық дәліздің кейбір бөліктері бар. Сонымен бірге Ақтөбе – Ресей шекарасы (Әлімбет өткізу бекеті) тасжолының 39–136 шақырым аралығы да жабылды.
Жол қызметінің мәліметінше, қозғалысты қалпына келтіру 7 наурыз күні сағат 09:00 шамасына жоспарланып отыр. Мамандар жүргізушілерді жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайы туралы ресми ақпаратты тексеруге шақырды.