Мерекеге орай ХҚКО мен арнайы ХҚКО-ның наурыздағы жұмыс кестесі жарияланды
8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) жұмыс кестесі өзгеретін болды.Бұл туралы КҮН.КЗ тілшісі хабарлайды.
Наурыз айында мерекелерге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) жұмыс кестесі өзгеретін болды.
Халықаралық әйелдер күніне орай барлық ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар 8–9 наурыз күндері азаматтарды қабылдамайды.
Наурыз мерекесі кезінде орталықтар 21–24 наурыз аралығында жұмыс істемейді.
25 наурыз – қысқартылған жұмыс күні
25 наурызда кезекші ХҚКО-лар қызмет көрсетеді, қабылдау сағат 09:00–13:00 аралығында жүргізіледі.
Мерекеден кейін ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне қайта көшеді.