Тоқаев: Әйелдердің ел дамуына қосқан рөлін асыра бағалау мүмкін емес
- автор kyn.kz
- 6 наурыз, 2026
- 6.4k
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шарада сөйлеп, әйелдердің нәзіктігі мен мейірімі, парасаты мен көркемдігі еліміз үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
«Бүгін мен сіздерге және Қазақстандағы барлық әйелдерге шынайы алғысымды білдіремін. Халқымыз әрдайым аналарды биікке көтеріп, апаларды қорғап, қыздарға ерекше құрмет көрсетіп келген. Тарихымызда ерлермен қатар батылдық пен отаншылдықты абыроймен көтерген әйелдер аз болмаған», – деді президент.
Президенттің сөзінше, әйелдер мемлекеттік басқару мен қауіпсіздік саласында зор үлес қосады: елдің сот корпусында жартыдан астам, ал күш құрылымдарында 45 мыңнан астам қызметкер – әйелдер. Оларды әр салада тәртіптілігі, жауапкершілігі және «феноменалды еңбекқорлығы» ерекшелендіреді.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап несие алу қиындай түседі
Ұқсас жаңалықтар
Үсік, жаңбыр мен қар: 2 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
- авторkyn.kz
- 2 қыркүйек, 2026
2027 жылы кейбір жәрдемақы мөлшері өсуі мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 қыркүйек, 2026




