Басты жаңалықтар

Жолдасовтар отасқандарының 35 жылдығын шетелде атап өтті

Шетелге жолдаманы Айтбаевтар отбасы сыйлаған.

Ұлықпан Жолдасов пен жұбайы Айған Жолдасова отасқандарына 35 жыл толуына орай шетелге саяхаттады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Жуырда концерт берген Жолдасовтардың отбасына өнер мен өмірдегі достары тосынсый жасап, шетелге жолдама сыйлаған екен. Енді міне отасқандарына 35 жыл толған танымал жұп Түркия елінде қыдырып жүр. «Достығымыз жарасқан Қанат-Света Айтбаевтар шашбауымызды көтеріп, тілектерін айтып, концертімізге атсалысты. Ұлықпан екеуімізге отасқанымызға 35 жыл толуына орай шетелге жолдама сыйлады», - дейді Айған Жолдасова.

Бірнеше күннен бері танымал жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында саяхат кезінде түскен суреттерін бөлісіп жатыр. Геолокация мәліметтеріне сенсек, олар Түркияның Анталья провинциясындағы Алания қаласында жүр. Әзірге саяхаттарының қанша күнге ұласатыны белгісіз. Ал әлеуметтік желі қолданушылары өз кезектерінде жұпқа ақ тілектерін жаудырды. Автор: Kyn.kz