Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Астанада жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Астанада жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды
ПД Астана
Іздеу жұмыстарына жұмылдырылған күштерге алғыс білдірілді.

Астанада 3 наурызда жоғалып кеткен 16 жастағы Ангелина Морева мен 18 жастағы Михаил Фризоргер табылды. Бұл туралы іздеу жұмыстарын жүргізген еріктілер тобының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

Еске сала кетейік, бойжеткен колледжден шыққан соң үйіне оралмаған, ал Михаил үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған еді. Іздеу барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Бейнебақылау камералары олардың қаладағы сауда үйлерінің бірінде болғанын көрсеткен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жастар аман-есен. Іздеу жұмыстарына жұмылдырылған күштерге алғыс білдірілді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар