Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Вьетнамда 26 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті

Вьетнамда 26 жастағы қазақстандық қыз жоғалып кетті
Сурет: видеодан скриншот
Вьетнамда жүрген қазақстандық із-түссіз жоғалып кетті.

Қазақстандық қыз Вьетнамда жоғалып кетті. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жоғалған қыздың әпкесі әлеуметтік желілерде үндеу жариялады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханойға ұшуды жоспарлаған. Алайда әуежайдан шамамен 20 шақырым жерде байланысқа шықпай қалған.

Туыстарының айтуынша, жоғалып кетпестен бұрын Әсем қатты қорыққан және біреулер өзін аңдып жүргенін айтқан.

Әсемнің отбасы Вьетнамда немесе көрші елдерде жүрген барлық адамнан, сондай-ақ, сол жақта тұратын таныстары мен туыстарынан іздеуге көмектесуді сұрайды. Әсіресе WhatsApp пен Telegram желілеріндегі туристік және жергілікті қауымдастықтарға назар аударуды өтінеді.

"Егер Вьетнамда туыстарыңыз немесе достарыңыз болса, бізбен байланысқа шықсаңыздар. Сондай-ақ, мүмкін болса, полиция мен ауруханаларға хабарласып көрсеңіздер", - деп жазды жоғалған қыздың әпкесі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар