Қоғам
Ақтөбеде Конституциялық реформалар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 18:54
- 19
Кәсіпрдақ жетекшілері Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстарына қатысуда.
Есіктен есікке акциясы аясында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, Ақтөбе денсаулық сақтау саласының «Qamqor» кәсіподағының төрағасы Сабыр Қайрат қала тұрғындарымен кездесіп, үйлерді аралады.
Кездесу барысында ол Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізіліп жатқан реформалар жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Азаматтармен ашық әңгіме өтіп, реформалардың маңызы мен қоғам дамуына тигізер ықпалы туралы пікір алмасылды.
Тұрғындар 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңыздылығы туралы ақпарат алып, өз ойларын білдірді.



