Қоғам

Бір отбасын өлтірді деген күдікке ілінген күйеубала мен оның әйелі Атырауға жеткізілді

Ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген күйеубала Атырауға жеткізілді.

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасыға қатысты іздеуде жүрген Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді, деп хабарлады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Күдіктілер 9 наурыз күні Алматыдан ұшып келген рейспен келген.

Айта кетсек, оның Алматыда берген жауабынан кейін отбасының тағы екі мүшесінің денесі табылды.

Еске салсақ, 2025 жылы отбасының төрт мүшесі із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. 25 желтоқсанда Атырау тұрғыны полицияға хабарласып, бауырының отбасымен бірге ұзақ уақыттан бері байланысқа шықпай жүргенін мәлімдеген. Олар қараша айында үйлерінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оралмаған. Іздеуде болғандардың арасында ерлі-зайыптылар және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы бар.

Жоғалғандардың ұялы телефондары Қазақстан аумағында қосылып-өшіп тұрған, соңғы рет Шымкентте тіркелген. 2026 жылғы 6 қаңтарда ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылғаны белгілі болды.