Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Мектеп маңында зиянды тағам сатуға тыйым салынады

Мектеп маңында зиянды тағам сатуға тыйым салынады
Фото: freepik.com
Қырғызстанда мектеп маңында зиянды тағам сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды kyn.kz.

Қырғызстанда мектеп маңында зиянды тағам сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды kyn.kz. 

Қырғызстанда мектептердің маңында зиянды тағам сатуға шектеу енгізіледі. Елдің министрлер кабинеті үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп, мектеп аумағында зиянды азық-түлік сататын нысандарды орналастыруға тыйым салды. 

Сонымен қатар, жаңа қаулы бойынша жер жетіспейтін жағдайда төрт қабатты мектеп ғимараттарын салуға рұқсат етіледі. Төртінші қабатта оқушылармен жұмыс істейтін психолог, логопед және әлеуметтік педагог кабинеттерін орналастыру қарастырылған.

Бұдан бөлек, санитарлық және желдету талаптары мен өрт қауіпсіздігі нормалары сақталған жағдайда жертөле қабаттарын асхана, кітапхана, спорт, би және акт залдары ретінде пайдалануға мүмкіндік беріледі.

Спорт залдарында ұлдар мен қыздарға арналған жеке киім ауыстыратын бөлмелер мен дәретханалар қарастыру ұсынылады. Егер мектептің өз спорт залы болмаса, жақын маңдағы спорт нысандарын пайдалануға рұқсат етіледі.

Бұл қаулы 15 күннен кейін күшіне енеді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар