Қоғам

"Хәлі алаңдатарлық":Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Шетелде жоғалып кеткен қазақстандық қыз аман-есен табылды.

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі хабарлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әпкесінің айтуынша, қазіргі уақытта Әсем полиция бөлімшесінде.

"Ол тірі, бірақ жағдайы алаңдатып тұр. Қазір тергеу жүріп жатқандықтан, толық мәліметті жариялай алмаймыз. Бірақ ең бастысы - ол табылды", - деді әпкесі.

Еске салайық, бұған дейін Вьетнамда Қазақстан азаматы жоғалып кеткені хабарланған болатын. Ол 6 наурыздан кейін байланысқа шықпай қалған.