Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдады, деп хабарлайды Kyn.kz.
Мас жолаушы автобустың жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан, жүргізушіден автобусты тоқтатпай, жүргізуін талап еткен. Кейін жанжал төбелеске ұласқан.
Төбелес барысында 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісін пышақпен жарақаттады.
Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда әскери қызметшілерге төленетін төлем ережелері өзгерді
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026
Қоғам
Жарқыраған Ақжан: Астанада туған ерекше жылқы несімен таңғалдырады?
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026




