Бүгін, 10 наурыз күні, «Астана–Қарағанды» тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты Қарағанды облысы полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан кейбір жүргізушілер ұзақ жолға шығып кеткен. Сағат 11:00 шамасында Ошағанды ауылы маңында, Қарағандыға бет алған жеті көлік боран мен тайғақ жолдың салдарынан бірінен соң бірі соқтығысып қалды.
Алдын ала болжам бойынша, көліктер бораннан жолды көре алмай, бір-біріне соғылған. Оқиға барысында: Chevrolet Nexia көлігі Chery Tiggo көлігінен соғылды, одан кейін Toyota Land Cruiser соқтығысты. Артынан екі жүк көлігі және «ҚазАвтоЖол» қызметтік көлігі апатқа ілікті, соңында УАЗ Hunter қосылды.
Апат салдарынан Toyota Land Cruiser көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.



