Қазақстанда электросамокаттарға мемлекеттік нөмір берілетін болады
ІІМ электрсамокаттарға қатысты шешім қабылдады.
Қазақстанда электрсамокаттарды жалға беру қызметіне қатысты жаңа ереже енгізілді. Ішкі істер министрлігі самокаттарға мемлекеттік тіркеу нөмірін беру тәртібін бекітті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы №158 бұйрығы “Электрсамокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің электр самокаттарға тіркеу нөмірін беру және есепке алу қағидаларын, сондай-ақ оның нысаны мен үлгісін бекіту туралы” құжаты “Параграф” ақпараттық жүйесінде жарияланды.
Электрсамокаттарды жалға беретін компаниялар техниканың толық есебін жүргізуге міндетті болады. Оған құрылғының маркасы, моделі және шығарылған жылы, сериялық нөмірі, пайдалануға енгізу және шығару күні, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, жөндеу және берілген тіркеу нөмірі туралы мәліметтер кіруі тиіс.
Егер самокат пайдаланудан шығарылса, оған бекітілген нөмір оператордың базасында қалады және басқа техникаға берілмейді. Белгі зақымдалған немесе жоғалған жағдайда оны дәл сондайымен ауыстыруға рұқсат етіледі.
Операторлар қандай деректерді есепке алуы тиіс
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.