Енді көлікте телефонмен сөйлесіп, қауіпсіздік белдігін тақпағандар айыппұл төлейді
Қазақстанда рөлде келе жатып телефон ұстап, қауіпсіздік белдігін тақпағандарға айыппұл салынады.
Енді рөлде телефон ұстап, қауіпсіздік белдігін тақпасаңыз, оны камералар тіркейді. Осы бейсенбіден бастап елімізде жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтау тәсілі өзгертілмек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін тек полицейлер ғана тіркейтін құқық бұзуды енді заманауи техникалық құрал анықтамақ. Бейнебақылау камералары бұрын алты түрлі жол ережесін бұзуды түсірсе, енді оның мүмкіндігі кеңейтіліпті. Яғни жүргізушінің ұялы телефон пайдаланып отырғаны немесе қауіпсіздік белдігін тақпағаны автоматты түрде анықталып, кейін айыппұл келеді. Жүйе мемлекеттік деректер базаларымен біріктірілген. Сондықтан камералар техникалық тексеру мерзімінің өтуі, сақтандыру құжатының болмауы сынды жағдайды да анықтай алады. Сондай-ақ құрылғылар кептеліс туғызған және көлігінің жарығын қоспаған жүргізушілерге ескерту де жібереді.
«Автомат фиксация камералары жаңа құқық бұзғанды тіркей алады. Мысалы, телефон пайдалану немесе қауіпсіздік белдігін тақпау. Мемлекеттік деректер база интеграция жүргізіліп, техникалық бағыттау мерзімі өткен, сақтандыру полюсі жоқ немесе басқа құжатқа байланысты бұзушылықты анықтау мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар жүйе заңда қарастырылған жағдайда автоматты түрде ескерту шығара алады», - деді Алматы қаласы ПД өкілі Айдын Меркімбаев.