Қоғам
Air Astana наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:31
- 56
Наурыз айына билет алып қойған жолаушылар билеттерін сәуір, мамыр ауларына ауыстыра алады.
Air Astana компаниясы 2026 жылдың 31 наурызына дейін Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Компания Таяу Шығыстағы жағдай тұрақталғанша осындай шешім қабылдаған. Наурыз айына билет алып қойған азаматтар оны 1 сәуірден 31 мамыр аралығындағы уақытқа ауыстыра алады.
Компания өкілдері жолаушылар билет ақшасын айыппұлсыз және тегін ауыстыра алатынын мәлімдейді.
Айта кетейік, бүгін Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға бірнеше елдегі сапарларын кейінге шегеруге кеңес берген еді.




