Саясат

Иран Ормуз бұғазына мина орналастыра бастағаны туралы ақпарат тарады

Иран Ормуз бұғазында теңіз миналарын орналастырмақ.

АҚШ барлау қызметі Иран әскери күштері Ормуз бұғазына миналар орнатуға кіріскен болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы CBS News арнасының Ақ үйдегі тілшісі Дженнифер Джейкобс ұлттық қауіпсіздік мәселелерін жазатын журналист Джим Ла Порттың мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

Дереккөзде Иран миналарды орналастыру үшін шағын кемелерді пайдалануы мүмкіндігі айтылған. Әр кеме шамамен 2–3 теңіз минасын тасымалдауға қабілетті.

Ормуз бұғазына миналар қоюы мүмкін екені туралы CNN телеарнасының дереккөздері де барлау мәліметтеріне сүйене отырып хабарлаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ақпаратқа пікір білдіріп,  дереу алып тастауы керектігін айтты. Егер оған келіспесе, Иранды жағдай күтуі мүмкін екенін ескертті.