Павлодарда декреттік демалыста отырған шенеуніктің әйелі қызметтік көлікті мас күйінде айдаған
Шенеуніктің әйелі декреттік демалыста бола тұра, қызметтік көлікті пайдаланған.
Мәдениет және туризм министрлігінің қызметкерінің әйелі декреттік демалыста бола тұра қызметтік автокөлікті пайдаланған. Мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сотта Есембаева мен оның қорғаушылары кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысқан. Полицияның бейнежазбасы мен медициналық орталық камераларынан Есембаеваның дәрігердің қолын ысырып, дөрекі сөйлегені байқалады. Ол ешкімге көнбей, өзінің жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Сонымен қатар, ол "Үйде балаларым күтіп отыр" деп жауапкершіліктен құтылуға тырысқан. Есембаева жедел жәрдем шақырып, ауруханаға кеткен.
Полиция мәліметінше, көліктің ішінде ашық сыра банкісі мен чечил табылған.
Сот оның төрт кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, әйелді ұстау туралы шешім шығармаған. Бірақ 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.