Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp арқылы ыдыс-аяқ сатып, 112 адамды алдаған
Ерлі-зайыпты ыдыс-аяқ төмен бағада сататынын жариялап, адамдарды алдаған.
Жамбыл облысында ерлі-зайыпты жұп WhatsApp мессенджері арқылы адамдардан 50 миллионнан аса ақша алған. Олар төмен бағада ыдыс-аяқ сататындарын айтып, осылайша ірі алаяқтық схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Прокуратура мәліметінше, сотталушылар 2024 жылғы желтоқсаннан бастап алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында WhatsApp мессенджерінде ыдыс-аяқ және өзге де тұрмыстық тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы хабарландырулар жариялаған. Алаяқтар бірінші клиенттерге шын өнім жеткізіп, сенім қалыптастырған. Содан кейін олар тапсырысты қабылдап, ақша алған соң міндеттемелерін орындамай, қаражатты өз мақсаттарына жұмсаған.
"Заңды қызмет көрінісін жасап, сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы клиенттерге тауарларды нақты жеткізген. Кейіннен басқа азаматтардан тапсырыс қабылдап, ақшалай қаражатты алғанымен, тауарларды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған, алынған қаражатты өз қалауларынша пайдаланған", - делінген хабарламада.
Қылмыстық әрекеттер салдарынан 112 адам зардап шегіп, жалпы материалдық шығын 51,2 миллион теңгеден асқан.
Сот сотталушылар кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін білдірді.
- Ер адам: 2 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылды.
- Әйелі: 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айырылды.