Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанның барлық өңірінде күн жылиды

Қазақстанның барлық өңірінде күн жылиды
Сурет: kuban.kp.ru
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады.

Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Көктем басталғанымен еліміздің көп өңірінде күн суытты. Синоптиктер солтүстік пен шығыста суық ауа райы сақталғанын мәлімдейді. Алайда алдағы үш күнде ауа райы жылынады.

"Алайда көктем де өз күшін көрсетіп келеді. 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды", - деді синоптиктер.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы бірқалыпты болса, оңтүстікте аптаның ортасына қарай ауа 5–10 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар