«Бетін диванмен жауып тастаған»: төрт адамның өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемалиев мәйіттерді қалай жасырғанын көрсетті
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев ерлі-зайыптыны қалай өлтіргенін айтып берді.
Атырау облысында бір отбасының өліміне күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемалиев Жангелдин ауылына жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваны қалай өлтіргенін және мәйіттерді жасыру әдісін көрсетті.
Қылмыс ізін жасыру үшін марқұмдардың денесін сарай ішіндегі тереңдігі 1,5 метр шұңқырға бірінің үстіне бірін көміп, бетін диванмен жауып тастаған.
Анықталғандай, ерлі-зайыпты сол сәтте үй киімінде болған. Тергеу амалдарынан кейін күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал оның әйелі Ақбаян Мұқанғалиева сот шешімімен психикалық денсаулық орталығына бір айға орналастырылды. Мамандар оның психикалық жағдайына сараптама жүргізеді. Төрт адамның өмірін қиған оқиға бойынша тергеу жалғасуда.