Қоғам

«-25 градусқа дейін аяз»: 12 наурызға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің бірқатар өңірінде күн суық болады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысында түнде батыста, солтүстікте, шығыста қар жауып, боран соғады. Күндіз солтүстік пен шығыста аздаған қар, боран күтіледі. Батыста және оңтүстікте тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар мен боран болады. Шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында қар жауып, боран соғады.

Павлодар облысында қар жауып, боран болады. Павлодар қаласында да қар мен боран күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде солтүстігінде және таулы аудандарында аяз 25 градусқа дейін күшейеді. Алматыда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Қонаевта да тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Іле Алатауының тауларында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Батысында тұман болады. Петропавлда түнде қар мен боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі. Түркістан қаласында да ара-тұра тұман болады.

Атырау облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде солтүстігі мен шығысында болады.

Абай облысының солтүстігінде қар жауып, боран соғады. Семейде қар жауып, боран болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде көктайғақ пен тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, тұман түседі.

Ақтөбе облысында түнде солтүстік-шығысында және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын және көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде ара-тұра тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Өскеменде күндіз қар жауып, боран болады.

Қостанай облысында түнде қар жауып, боран соғады, солтүстігінде аздаған қар мен боран күтіледі. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады. Батысында тұман түседі. Қостанайда түнде аздаған қар жауып, боран соғады.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада ара-тұра тұман болады.

Маңғыстау облысында түнде батысында тұман түседі.

Ақмола облысында түнде қар жауып, боран соғады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ күтіледі. Көкшетауда түнде қар мен боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ болады. Астанада ара-тұра қар жауып, боран соғады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Таразда ара-тұра тұман болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Түнде солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында аяз 25 градусқа дейін күшейеді.