Атырау облысындағы отбасының жоғалуы: Мейрамгүл мен Наурыздың денесінен жарақат белгілері табылған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:48
- 34
Атырау облыстық полициясы Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты іс бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықовтың айтуынша, жарақат белгілері Наурыз бен Мейрамгүлдің денесінен табылған. Олар Атыраудағы «Геолог» шағын ауданындағы үйдің ауласынан табылған, деп жазады «Қазақпарат».
Оның сөзінше, өлімнің нақты себебі мен қай уақытта қаза болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.
Айта кетсек, бұл істе күдікті ерлі-зайыпты Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева 9 наурыз таңертең Қазақстанға жеткізілгені хабарланған.
Қазіргі уақытта Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева қамауда, тергеушілерге жауап беріп жатыр. Іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Атырау облысының Қызылқоға ауылында тұтастай бір отбасының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабар тараған. Кейіннен ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіті өздері тұрған үй аумағынан табылған. Іс бойынша отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, іздеу жарияланған.
Ұқсас жаңалықтар
Развитие железных дорог: в Казахстане активно модернизируется инфраструктура
- авторkyn.kz
- 11 наурыз, 2026



