Мәдениет

«Вино ішіп, көңіл көтеруді ұсынды»: Құралай Анарбекова режиссердің өзіне төсектес болуды ұсынғанын айтты (ВИДЕО)

Құралай Анарбекова режисерлердің былығын ашты.

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова киноға түсу үшін режиссердің оған төсектес болуға ұсыныс жасағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әңгіме қылды.

Актриса “Қорлан” образынан кейін өзін режиссерлер құрметтейді, басты рөлдерге кастингсіз-ақ шақырады деп ойлаған. Алайда бір кастингке барған кезде күтпеген жағдайға тап болған.

“Бір режиссер кешке бірге кездесіп, вино ішіп, көңіл көтеруді ұсынды. Мен оның отбасы бар екенін, жасы үлкен адам екенін білетінмін. Бұл сөздер менің намысыма тиді. Сондықтан мен ұсынысты шок ретінде қабылдадым. Батыстың қызы болған соң өте дөрекі жауап бердім”, – деді ол.

Актриса осы жағдайдан кейін көп ойланып, өзін дамытуды қолға алған.

“Сол кезде актрисаның ғұмыры қысқа ма деген ой келді. Сондықтан өзімді дамыту керектігін түсіндім. Режиссердің үстінен қарайтын адам – продюсер. Содан кейін қайдан білім алсам болады деп ойланып, Мәскеуге барып оқуға шешім қабылдадым”, – дейді продюсер.

Айтуынша, режиссердің сол ұсынысы оның продюсер болуына түрткі болған.