Камералар іске қосылды: көлікте телефон ұстап, белбеу тақпаған жүргізушелір енді айыппұл төлейді
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 наурыз, 2026
- 462
Бүгін 12 наурыздан бастап Қазақстанда енді камералар рульде белдік тақпай отырған және телефон ұстап отырған жүргізушілерді автоматты түрде түсіреді. Сол хаттамаларға сай, көлік жүргізушісіне айыппұл салынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы Әкімшілік кодекстің 31-бабына енген өзгерістер күшіне енеді.
Әкімшілік кодекске сай, рульде көліктің белдігін тақпаған жүргізушілерге бірінші 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеге тең, сонда бұл айыппұл көлемі 21 625 теңгеге тең болады.
Рульде телефонмен сөйлескен азаматтар үшін де дәл осындай әкімшілік жаза көзделген. Бірінші ереже бұзған азаматтарға 21 625 теңге айыппұл салынады.
Ал бұл ережелерді қайтадан бұзған жүргізушілерге 10 АЕК, яғни, 39 320 мың теңге айыппұл салынады.
Ақтөбеде 13 жастағы оқушыны қаңғыбас иттер талап тастады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026
Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын жеке компанияға тапсыра алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026




