Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

БҰҰ Ираннан көрші елдерге шабуыл жасамауын талап етті

БҰҰ Ираннан көрші елдерге шабуыл жасамауын талап етті
Сурет: news.un.org
БҰҰ Ираннан Парсы шығанағындағы көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуды талап етті.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ираннан көрші елдерге шабуылды тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ираннан Парсы шығанағындағы көрші мемлекеттерге жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуды талап етті. Кеңеске мүше 15 елдің 13-і қарарды қолдап дауыс берді. Тек Қытай мен Ресей қарсылық білдірді.

Құжатта Иранға қарсы әскери операция бастаған АҚШ пен Израиль туралы ешнәрсе жазылмаған.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Тегеран қарымта ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери базалары мен Израильді зымыран және дрондармен шабыулдаған. Әли Хаменеидің орнына оның ұлы Мұжтаба Хаменеи аятолла болып сайланған.  

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар