Таяу Шығыстағы қақтығыс: Иран елшісі Қазақстанға қауіп жоқ екенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 42
Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Али Акбар Джоукар Таяу Шығыстағы әскери оқиғалар аясында Қазақстан мен Орталық Азияға қаншалықты әсер ететінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәслихаты барысында журналистер соғыстың Қазақстанға тигізер әсері бар ма деп сұрады.
“Қазақстан үшін ешқандай қауіп жоқ. Бірақ болашақта Иранда елеулі тұрақсыздық немесе жаппай тәртіпсіздіктер орын алса, Орталық Азия аймағына қауіп туындауы мүмкін. Ондай жағдайда Таяу Шығыстан экстремистер мен террористердің ену қаупі пайда болуы ықтимал”, – деді Джоукар.
Алайды қазіргі кезде мұндай қауіп-қатердің жоқ екенін атап өтті.
“Бақытымызға орай, Иранда қазіргі билік сақталып тұрған жағдайда Қазақстан мен Орталық Азия үшін ешқандай қауіп жоқ”, – деді дипломат.
Сондай-ақ журналистер дипломаттан Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігі және Иран оны қорғау үшін қандай да бір шара қолданып жатқаны туралы сұрады.
Али Акбар Джоукардың айтуынша, Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті жағалаудағы мемлекеттердің өзі қамтамасыз етуі керек.




