Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

"Мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосты": Тоқаев Назарбаев туралы айтты

"Мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосты": Тоқаев Назарбаев туралы айтты
Сурет: topnews.ru
Тоқаев Назарбаев тұсындағы Конституцияның тарихи рөлін айтты.

Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев жайында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Назарбаевтың тарихи миссиясын ұмытпау қажет екенін атап өтті. Айтуынша, бірінші президент 1995 жылғы Конституция тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды.

"1995 жылғы Конституцияда негізгі назар мемлекеттік биліктің негіздерін нығайтуға аударылды. Ол кезең үшін бұл орынды шешім болды. Себебі енді ғана тәуелсіздік алған мемлекетке заңнамалық тұрғыдан берік негіз қажет еді", – деді Тоқаев.

Президент қолданыстағы Конституцияны сынға алуға болмайтынын айтып, оның мемлекеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқанын жеткізді.

"Біз Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тарихи миссиясын ұмытпауымыз керек", – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Жаңа Конституция жобасы «адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды туудан бастап, бастауыш және орта білім алудан, отбасын құрудан бастап, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасы алдындағы жауапкершілігіне дейін абсолютті деңгейге көтеретінін» атап өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар