Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Атырау облысында полигонда сарбаз қаза тапты

Атырау облысында полигонда сарбаз қаза тапты
Сурет: ашық дереккөздерден
Далалық жаттығулар кезінде сарбаз оқ жарақатын алған.

Атырау облысындағы полигонда сарбаз көз жұмды, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 12 наурыз күні Атырау гарнизонындағы әскери бөлімшеде далалық жаттығулар кезінде сарбаз оқ жарақатын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға қаруды ұстау ережелерін бұзу салдарынан болған.

Сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізілгенімен, оны құтқару мүмкін болмады.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу алдын ала жүргізілуде", – делінген Атырау гарнизонының хабарламасында.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар