Қоғам

Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі табылды

Шетелде жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды.

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Екатерина Шилованың мәйіті табылды. Суық хабарды марқұмның әпкесі жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Екатеринаның әпкесі оны өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын айтты. Тергеу байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Қазір отбасы қазақстандық әйелді жерлеу үшін қаражат жинап жатыр. Әпкесінің айтуынша, жерлеу рәсімін өткізі үшін едәуір қаржы қажет.

Еске салсақ, бұған дейін Польшада қазақстандық әйел күмәнді хабарлама жазып, кейін хабарсыз кеткені хабарланған еді.