Саясат

Иран Ресейден көмек сұрады

Иран Ресейге дәрі-дәрмек туралы өтінішпен жүгінді.

Брифингте Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Иран Ресейден гуманитарлық көмек сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Захарованың айтуынша, ислам мемлекеті Ресейден және басқа да елдерден көмек сұрап жүгінген.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы гуманитарлық көмек жеткізумен айналысып жатыр.

"Көптеген ауруханалар мен жедел жәрдем станцияларының қирауына және жаралы адамдардың, оның ішінде балалар мен әйелдердің көп болуына байланысты Иран тарабы достас мемлекеттерге, соның ішінде Ресейге дәрі-дәрмек туралы өтінішпен жүгінді. РФ президентінің нұсқауы бойынша біздің елімізден Иран халқына тиісті гуманитарлық көмек жеткізу ұйымдастырылуда", - деді Захарова.