“Ақбаян есі дұрыс”: бір отбасының өліміне күдікті Сұлтан мен оның әйелінің бұрынғы көршісі жаңа дерек айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:15
- 47
Атырау облысында бір отбасының өліміне күдікті Сұлтан мен оның жұбайы Ақбаянның бұрынғы көршісі жаңа мәлімет айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі .
Бұл туралы журналист Жанат Жақсыбайқызының хат иесінен келген жазбаларды желіде жариялаған.
"Біз бұрын 2023 жылы сол үйді жалдап тұрғанбыз, екінші жағында. Сұлтан мен Ақбаян көршіміз болды. Біз сол келгеннен кейін екі айдан соң көшіп кеттік. Қазір көріп қатты қорқып жатырмыз. Бір Алла сақтап, уақытында көшкен екенбіз. Өте жуас отбасы болып көрінген еді бізге. Наурыз деген ағасы да келіп жүрді, көріп жүрдік. Өте жуас отбасы болды. Ақбаян есі дұрыс, ақылды болып көрінді. Ақбаянның мамасы да келіп жүрді, балаларын бағысып. Үндемейтін, жуас адамнан қорқу керек болып тұр ғой. Жұма күні бауырсақ, пирожки пісіріп, әкеліп беретін. Бізден стол алатын. Холодильнигі болмай, бізге еттерін салып жүрді. Мүлдем есі дұрыс емес адам болып көрінбеді. Ақбаян үйін өте таза ұстайтын. Үйін ақтап, тазалап жүретін. Сол араласқан кезде өте жуас бала болып көрінді. Жолдасым түнгі жұмыс істейтін. Сол кезде Сұлтанға «қарап қой» деп бізді тапсыратын. Екі кішкентай ұлым мен қызыммен үйде қалатын болған соң. Жолдары балшық болғандықтан көшіп кеткен едік. Бағасы қолжетімді болған соң тұрғанбыз. Адамнан қорқатын заман болды ғой…", - деп жазған күдіктінің көршісі.



