Қоғам

Бинұр Жәленов Ұлттық банк төрағасының орынбасары болды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне Бинұр Жәленов келді.

Бинұр Жәленов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.