«Ел Дауысы» қорының бақылаушылары ел бойынша сайлау учаскелеріне ерте келіп алды (Видео)
Бақылаушылар дауыс беру учаскелері ашылмай жатып өтетін орынға келіп, барлық ереженің сақталуын байқауға келген.
«Ел Дауысы» қоғамдық қорының тәуелсіз бақылаушылары таңмен ерте сағат 05:30-дан бері сайлау учаскелеріне келе бастады. Учаскелер ресми түрде ашылғанға дейін қордың Қазақстан бойынша барлық өкілдері өз орындарында болды.
Қордың мәліметінше, байқаушылар сайлау учаскелері жұмысын бастаған сәттен бастап дауыс беру барысын және рәсімдердің сақталуын бақылау үшін алдын ала нұсқаулықтан өтіп, арнайы дайындықтан өткен.
Қор өкілдері бақылаушылардың ерте келуі учаскелердің ашылу процесіне, дауыс жәшіктерінің тексерілуіне, бюллетеньдердің дайындалуына және басқа да ұйымдастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл өз кезегінде дауыс беру процесінің ашықтығын қамтамасыз етудегі қоғамдық бақылаудың маңызды бөлігі болып саналады.