Қоғам

Қазақстандық танымал әнші Қуандық Рахым республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады

Әнші референдумда өз таңдауын жасады.

Өнер иесі бүгін сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады. Оның айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіретін маңызды қадам.

Қуандық Рахым мұндай маңызды қоғамдық шаралар халықтың бірлігін нығайтып, әр азаматқа өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол қала тұрғындарын белсенділік танытып, ел өміріндегі маңызды шешімдерге қатысуға шақырды.