Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтардың 51,9%-і дауыс берді - референдум өтті деп танылды

Қазақстандықтардың 51,9%-і дауыс берді - референдум өтті деп танылды
utyug.info
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 471 378 адам дауыс берді.

Орталық референдум комиссиясы осы уақытқа дейін дауыс берген азаматардың санын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 471 378 адам дауыс берді.

"Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93%-ды құрады. "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады", - деді комиссия мүшесі Шавхат Өтемісов арнайы брифингте.

Дауыс беру көрсеткіші бойынша Ақтөбе облысы (61,37%) мен Абай облысы (61,04%) көш бастап тұр. Ең аз көрсеткіш Алматы қаласына тиесілі - 21,68%.

Айта кетері, дауыс беретіндердің тізімінде 12 461 796 адам бар.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар