Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Халықаралық байқаушы: Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр

Халықаралық байқаушы: Қазақстан халқы референдум барысында ерекше ықыласпен дауыс беріп жатыр
https://ortcom.kz/
Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері байқаушы ретінде қатысты.

 Ұйымның бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман «Референдум – 2026» онлайн марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте сөз сөйлеп, дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқаны жайлы пікірін білдірді.

«Біз Астана қаласында Референдум барысын бақыладық. Осы күнге дейін бірнеше кездесу өткіздік. Қазақстанға сапарымыз аясында Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен, СІМ өкілдерімен жүздестік. Жалпы, референдум барысын  қадағалау кезінде шараның халықаралық стандарттарға сай және өте жоғары деңгейде өтіп жатқанына куә болдық», – деді спикер.

Ол референдумды бақылау барысында халықтың дауыс беруге ерекше ықыласпен қатысып жатқан байқағанын айтты.

«Бұл – Қазақстан үшін өте маңызды құжат. Елдің мемлекеттік басқару жүйесінде үлкен өзгерістер орын алуда. Парламенттің атауы өзгеріп, дәстүрлі түрде «Құрылтай» деп аталуда. «Вице-президент» деген лауазым енгізіледі. Осының барлығын ескере отырып, Қазақстанға жетістіктер тілейміз. Дауыс беру Қазақстанның заңнамасына, халықаралық стандарттарға толықтай сай өтіп жатқанын байқадық», – деді О. Коджаман.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар