Қоғам

Астанадағы кафеде баланың басы ойын конструкциясына қысылып қалды

Құтқарушылар ойын алаңында басы қысылып қалған баланы құтқарып қалды.

Астанада баланың басы ойын конструкциясына қысылып қалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

112 пультіне Сарыарқа ауданы Жеңіс көшесінің бойында орналасқан дәмханалардың бірінде кішкентай баланың басы қысылып қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен жедел-құтқару жасағының мамандары гидравликалық құралдың көмегімен сырғанақ конструкциясының бір бөлігін кесіп, 2023 жылы туған баланы шығарып алды.

ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.