Басты жаңалықтар

Алмас Кішкенбаев анасы үшін алаңдап жүргенін айтып көзіне жас алды

Анасы соңғы рет сөйлескенде әншінің атын зорға айтқан.

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында видео бөлісіп, оның анасын еске түсіретінін жазды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Соңғы кезде әнші анасының денсаулығы сыр бере бастаған сыңайлы. Себебі, Алмас Кішкенбаев соңғы рет сөйлескенде анасының өз атын зорға айтқанын жеткізді. Осыдан кейін көз жасына ерік бергенін де жасырмады. «Осы видеоны көрсем, анам есіме түседі. Үйге кіріп келгенде «Эх, жаным Күләйлә» деп ән айтатын еді. Бұл оның ең сүйікті әні. Соңғы рет сөйлескенімде атымды зорға айтып, көз жасымды тоқтата алмадым. Анашым 100 жасашы», - дейді Алмас Кішкенбаев.

Бұл сөздерді оқыған әлеуметтік желі қолданушылары әншінің анасына ұзақ ғұмыр тілеп, оның мұңына ортақтасты. «Анаңыз 100 жасасын. Ата-аналарымыз аман болсын!», «Алла денсаулық берсін», «Анаңызға Алла тағала екі дүниенің бақытын нәсіп етсін», «Анаң жазылып кетсін! Алла күш-қуат берсін! Шипа берсін! Орталарыңда 100 жасап жүре берсін», «Алла шипасын берсін. Алмас, биіктерден көріне бер. Сен мықтысың» деп жазды желі қолданушылары. Автор: Kyn.kz