Спорт

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкаға қарсы ойнады.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді. Бұл – еліміздің теннис тарихындағы болмаған тарихи нәтиже, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінде жартылай финалған шыққан соң 7523 ұпаймен рейтингтегі орын жақсартты. Осылайша ол рейтингте екінші орында болған Польша елінің өкілі Ига Швёнтекті үшінші орынға ығыстырды.

Идиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакина финалға шыққан болатын. Ол шешуші сында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкаға қарсы ойнады.

Тартыстқа толы матчта отандасымыз Беларусь теннисшісіне жол берді. Қос теннисші бұған дейін 2025 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалында жолыққан.