Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды
Рахат Тұрлыханов әйеліне қол көтерді деген күдікке ілінді.
Депутат Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 15 наурыз күні болған. Бұл туралы
«Криминалды Қазақстан» арнасының құқық қорғау органындағы дереккөзі мәлімдегендейді. Қазір күдікті Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.
Айта кетсек, Рахат бұған дейін де бірнеше мәрте осындай әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті 10 тәулік қамауда отырып шыққан еді.
Кейін Рахат Тұрлыханов пен әйелі видео мәлімдеме жасап, «екеуінің арасында бәрі жақсы екенін» айтқан.