Спорт

"Қазақта көреалмаушылық бар": Головкин туралы жазба қалдырған боксшы Данияр Елеусінов сынға қалды

Данияр Елеусінов Головкин туралы жазба жариялады.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин (GGG) туралы жазба жариялады, сынға ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Көпшіліктің білдірген сынынан кейін боксшы жазбасын желідегі парақшасынан алып тастады.

 

«Келесі болашақ чемпион ­ - жай ғана жұлдыз емес. Бізде чемпион көп болды. Бірақ олардың бәрі GGG секілді жұлдыз болуға ұмтылған жоқ. Қазақ халқы кейде өз ішімізден шыққан жұлдыздарды емес, басқа ұлты өкілдерін бағалайды. Өйткені көреалмаушылық та бар. Ал GGG – нағыз чемпион. Мен оны құрметтеймін», - деп жазған ол.

Алайда көпшілікке оның қазақ халқына қатысты айтқаны ұнамай қалды.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері.